Шынайы оқиға Бір қыздың үлкен аэропортта рейсін ауа-райына байланысты ұзақ күтуге тура келіпті. Ол уақытты өткізу үшін кітап пен печенье сатып алып креслоға отырады. Қасында бос орндық болады, ол орында печенье, ал арғы жағында журнал оқып отырған бір ер адам болады. Қыз бір пенечье алады, арғы жағындағы таныс емес ер адам да біреуін алады! Бұл қыздың жынына тиеді, бірақ қыз үндемейді, кітабын оқуды жалғастыра береді. Және печеньені әр алған сайын жаңағы ер кісі де алып отырады. Қыздың шыдамы таусыла бастайды, бірақ сонда да үндемейді. Сөйтіп, соңғы печенье қалған кезде қыз«-Бұл ұятсыз не істейді екен?» деп ойлайды. Қыздың ойын оқып қойғандай жаңағы кісі печеньені алып, екіге бөліп, жартысын сол қызға береді. Ал бұған қыз шыдай алмады, жаман көзбен қарап, заттарын жиыстырып кетіп қалады. Кейін қыз ұшаққа мінеді. Сөмкесін ақтарып жатқанда 1 пакет печенье тауып алады. Сонда есіне түсірсе, ол қызпеченьені алған кезде бірден сөмкесіне салып қойған екен. Ал жаңағы кісі өзінің печеньесімен бөлісіп отырған екен, ешқандай ашусыз, тек мейірімділікпен. Қыз өте қатты ұялып қалды, ұшақ ұшып кеткен соң кінәсін түзейтін мүмкіндігі болмады

Теги других блогов: печенье қыз ұшақ